Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

16.04.2021

18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен көрікті жерлерді қорғау күні болып жарияланды. Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. Бір жыл бұрын, 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы ескерткіштер мен көрікті жерлерді қорғау жөніндегі халықаралық кеңестің Ассамблеясы осындай шешім қабылдады.

Биыл облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесі өзінің кәсіби мерекесін 16 сәуірде республикалық ұйымдармен онлайн кездесу өткізу арқылы атап өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының, Атырау облысының, Алматы қаласының мәдени мұра объектілерін қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты.

Іс - шараның негізгі мақсаты-тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану саласында тәжірибе алмасу. Кездесуге қатысушылар проблемалық мәселелерді талқылап, бірегей мәдени мұраны сақтау үшін белгілі бір іс-қимыл бағдарламасын әзірледі.

Іс-шара ШҚО А.С. Пушкин атындағы кітапхананың техникалық қолдауымен өткізілді.