«Қаламыздың тарихы» ақпарат күні

07.12.2023

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ мамандары Өскемен теміржол вокзалында  ақпараттық-танымдық іс-шара өткізді. Вокзал ғимараты тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Вокзал 1936 жылы бұзылған Покров соборының кірпіштерінен, Красин атындағы май зауытының ғимаратымен бір мезгілде салынған. Реставрация институты ғимаратты маңызды қалалық түйінді қалыптастыратын сәулет ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауға алуды ұсынды.

Танымдық іс-шараның аясында қала тұрғындары осы ескерткішпен ғана емес, сонымен қатар қала мен облыстың басқа да тарихи-мәдени нысандарымен танысты.