Тәрбие сағаты

22.01.2024

2024 жылдың 19 қаңтар күні «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» мамандарының ұйымдастыруымен Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінде 10-сынып оқушылары арасында «Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Рухани және білім беру саласын дамытуда тарихи-мәдени мұраларды оқушылардың санасына сіңіріп, Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін таныстырып, олардың тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру арқылы оқушылардың ой-өрістері мен білімдерін жетілдіріп қана қоймай, тарихи орындарды сақтауға, қорғауға тәрбиелеу мақсатында танымдық сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің қаласының тарихымен танысты, өлкенің көрнекті тұлғалары туралы көптеген тың мәліметтер алды, сәулет құрылыстарымен танысып, ескерткіштердің қай жылдары пайда болғаны туралы білді.
Ұсынылған презентация және шығарылған ақпараттық брошюралар арқылы оқушылар облыстың тарихи және мәдени ескерткіштерімен, сәулет, археология және монументалды өнер ескерткіштері туралы қызықты тарихи деректермен танысты.