Тәрбие сағаты

30.11.2023

2023 жылдың 28 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесімен «Шығыс Қазақстан облысының тарих және мәдениет ескерткіштері» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Өскелең ұрпақ арасында мәдени мұраны насихаттау және өңіріміз бен облысымыздың тарихи ескерткіштеріне деген қамқорлық көзқарасын қалыптастыру мақсатында №39 жалпы білім беретін орта мектепте 9-сынып оқушыларына сынып сағаты түрінде іс-шара өткізілді. Ұсынылған презентация және шығарылған ақпараттық брошюралар арқылы оқушылар облыстың тарихи және мәдени ескерткіштерімен, сәулет, археология және монументалды өнер ескерткіштері туралы қызықты тарихи деректермен танысты.