9 мамыр - Жеңіс күні

03.05.2024

Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі облыстық мекеме 3 және 6 мамырда «Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан жерлестерге мәңгілік естелік» тақырыбында танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Іс-шаралар 7, 9 және 10 сынып оқушыларына арналған № 45 және «Исток» қалалық жалпы білім беретін мектептерде өткізілді.

9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының жеңісіне арналған күн. Фашистік-неміс басқыншыларына қарсы төтеп беруде көп ұлтты Қазақ елінің қосқан үлесі зор болды. Әскерге  1 196 164 қазақстандық шақырылды. Біздің облыстан майданға 200 мың адам жіберілді.

Халық өз әскери борышын өтеуге аттанған батырлардың есімін қастерлеп мәңгі есінде сақтайтыны сөзсіз. Олар жауынгерлерге арналған бауырластық зираттарда, мемориалды кешендерде, ескерткіштерде көрініс тапты. Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің есіміне арналған көптеген ескерткіштер бар, олардың кейбірі мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енгізілген. Іс-шара аясында оқушылар біздің облыстың мемлекет қорғауындағы ескерткіштері туралы білді.

Облысымыздың әр қаласы мен ауылы ер жүректік танытып, ерлікпен қаза тапқан жауынгер-жерлестердің есімдеріне арналып тұрғызылған ескерткіштерге үлкен құрметпен қарап қастерлеуде. Жауынгерлердің есімдеріне деген құрмет мәңгі болғай.