Халықтар достығы үйі, 1912 жыл

26.09.2023

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші Өскемен қаласында орналасқан.
Бұрынғы ерлер бастауыш мектебінің ғимараты 1912 жылы О.Ф. Костюрин бастамасымен салынды. Кейін ғимаратта педагогикалық техникум, педагогикалық училище, қазақ-түрік лицейі, Шығыс Қазақстанның халықтар достығы үйі орналасқан. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы орналасқан.
Төрт сырғымалы қырлы, кірпіштен салынған екі қабатты ғимарат. Іргеқабырғасы тас блоктардан қалаған, ғимаратқа кірер есік қасбеттің ортасында, қасбеттің негізгі сызығынан шығынқы бөлігінде орналасқан. Қабаттарды баспалдақты тартым бөледі, төменгі қабатта руст (жөнді тегістелмеген қалама тас) орналасқан. Бірінші қабаттың терезе ойығы жарты шеңбер түрінде, екінші қабаттың терезелер сәл иіліп орналасқан. Екінші қабаттың терезелерінің үстінде жартылай дөңгелек карниздер бар.