Еңбек күні

22.09.2023

Еңбек күнін мерекелеу дәстүрі әлемдік тренд болып табылады, бұл күнді әлемнің 100-ден астам елі атап өтеді. Мереке қазақстандықтардың Отанымыздың әл-ауқаты мен өркендеуін қамтамасыз ететін еңбекке деген құрметінің бейнесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек күнін мерекелеуге орай тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі облыстық мекеме салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Өндірістік еңбекті ынталандыру мақсатында мекеме қызметкерлерін еңбек қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін марапаттау өтті.
Халқымыздың тарихи естелігін сақтау мәселесі қазіргі уақытта маңызды саяси мәнге ие болды, өйткені бұл еслетікті сақтамай, күшті және тәуелсіз Қазақстанның қайта жандануы мен дамуы мүмкін емес. Мәдени мұраны сақтау және насихаттаудың ең маңызды міндеттерінің бірі еліміздің өңірлеріндегі тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер өкілдерінің құзіреттілігінде.