Кеңестік классицизм стиліндегі құрылыстар ансамблі
10.07.2024«Таза Қазақстан» акциясы аясында 2024 жылғы 9 шілдеде Металлургтер мәдениет сарайының төңірегіндегі кеңестік классицизм стиліндегі құрылыстар ансамблінің құрамына кіретін монументтік ғимараттардың қызметкерлеріне арналған ақпараттық шара өтті.
Ансамбль құрамына 20 ғасырдың 50-жылдарында салынған 4 ғимарат кіреді.
Бұл «Элегант» дүкені.
Гоголь көшесінде орналасқан аркалы үй .
Назарбаев даңғылындағы 2 тұрғын үй.
Іргелес алаңы мен субұрқағы бар Металлургтер мәдениет сарайының өзі осы қала құрылысы кешенінің басым бөлігі болып табылады. Ғимараттар ерекше дизайнымен және безендірілуімен де ерекшеленеді. Қасбеттердің сәндік көлемді элементтері жақсы сақталған.
Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің қызметкерлері шара барысында ақпараттық кітапшалар таратып, ескерткіш-ғимараттар архитектурасының тарихы мен ерекшеліктері туралы айтып берді.