"Өскемен қаласының тарихи ескерткіштеріне саяхат"

30.09.2024

27 қыркүйекте облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы No39 орта мектептің оқушыларына экскурсия өткізді.

Экскурсияның мақсаты өскелең ұрпақты тарихи-мәдени мұра құндылықтарына ұқыптылықпен қарауға баулу болды.

Шара барысында мұражай ғимараттарында орналасқан QR кодтары туралы айтылды.