"Зорлық-зомбылық жоқ" дөңгелек үстелі
25.11.2024Жыл сайынғы "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясына орайластырылған бұл іс-шара Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің қызметкерлері арасында өткізілді.
Науқан 16 күн ішінде өтеді - 25 қарашадан бастап (әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні) 10 желтоқсанға дейін (Халықаралық адам құқықтары күні).
1999 жылы БҰҰ бекіткен Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні 25 қарашада атап өтіледі.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін белсенді әрекеттер тақырыбына арналған.
Іс-шара гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуға бағытталған және бүкіл әлемдегі әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын көрсетеді.