Құрман қажы мешіті үйінділер
19.12.2024Ескерткіштің датасы -1860 жыл.
Құрман қажы (1840 – 1925 жж.), найман-қаракерей-сайболат, батыр, қажылыққа барған (екі рет). 19 ғ. 60-жылдары мешіт салған. Ескерткіш Тарабағатай ауданының Құйған ауылының шетінде, Орталасты өзені мен Құйған өзені аралығында орналасқан.
Алғашқы кезде ғимарат екі бөлмеден тұрған - кіреберіс және ғибадат бөлмесі. Тек бірінші бөлмесі сақталған, екіншісінен тек жайылған үйінді қалған. Сақталған бөлме жоспар бойынша тіктөрбұрышты, шығысқа бырғасында кіреберіс ойығы бар. Сонымен бірге қаптал қабырғаларында (солтүстік және оңтүстік) терезе орындары бар, батыс қабырғасында келесі залға өтетін ойықтың қалдықтары сақталған. Барлық ойықтар көлбеу қойылған тақтайша маңдайшалармен жабылған, терезе ойықтары бөлменің ішіне қарай кеңейеді. Мұндай тәсіл жарық сәулесін көбейту үшін қазақ қыстақтарында жиі қолданылған. Бөлмеде әкпен араласқан сылақ іздері сақталған. Сақталған қабырғасының биік жері - 3,20 м. Төбесі ағашпен, қосеңісті етіп жабылған. Ескерткіш балшықтан езілген тікбұрышты кірпіштен тұрғызылған.