Өскемен қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
21.11.2024Халық үйі, 1902 жыл
Онда қалалық кеңсе, кітапхана, мұражай және шай бөлмесі орналасқан. Мұнда 1918 жылы 14 наурызда Өскеменде Кеңес өкіметі жарияланды, 1920 жылы 4 сәуірде алғашқы комсомол ұяшығы құрылды. Бірінші театр маусымы 1936 жылы қаңтарда ашылды. Театр жанынан 15 адамнан тұратын ұлттық қазақ драма үйірмесі ұйымдастырылды. 1946 жылдың шілдесінде театрға туған күнінің жүз жылдығына орай Ұлы қазақ ақыны – Жамбылдың есімі берілді. Қазіргі уақытта ғимаратта облыстық драма және оперетта театры орналасқан.
Металлургтер мәдениет сарайы, 1957 жыл
Металлургтер мәдениет сарайының ғимараты мәдени-ағартушылық мақсаттағы қоғамдық ғимарат ретінде Мәскеуде VI Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің ашылуына орай салынды. Сол кезде Кеңес Одағында танымал сәулетшілер, мүсіншілер, суретшілер қасбеттер мен интерьерлерді безендіру үшін жұмыс істеді. Бұрынғы КСРО республикаларының көптеген қалалары мәдениет сарайын салуға көмектесті: Украина мен Оралдан гранит, Ригадан жоғары сапада жасалған жиһаздар, хрусталь люстралар мен шамдар әкелінді.
Қабанбай батырға ескерткіш
2014 жылғы 7 мамырда Отан қорғаушылар күні Қабанбай батыр ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті. Мүсіннің авторы-Н. Далбай. Аты аңызға айналған қолбасшының қола мүсіні Өскемен қаласының кіреберісіне орнатылды.
Қабанбай батырдың қоладан жасалған айбынды ат мүсіні, биіктігі 6,2 м, ескерткіштің жалпы биіктігі тұғырмен бірге 12,26 м. Аты аңызға айналған қолбасшы ат үстінде, сол қолында найза бейнеленген.
Жамбыл Жабаевқа ескерткіш
2019 жылы Өскемен қаласының Жамбыл Жабаев атындағы саябағында ақынға ескерткіш орнатылды. Мүсінде домбырада ойнаған ақын бейнеленген. Ескерткіштің авторлары-белгілі мүсіншілер С. Сейітов пен К.Дулатов. Ескерткіштің биіктігі шамамен 2,5 м. Ескерткіш тұғырдың бірнеше сатысы бар дөңгелек платформада орналасқан.
Тәуелсіздік монументі
2021 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған монументтің салтанатты ашылуы өтті.
Мүсін Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихын бейнелейді. Монументтің биіктігі - 15,7 м, ал диаметрі - 10,9 М. Ең ұшында Қазақ хандығының негізін қалаушылар - Керей мен Жәнібектің мүсіндері, монументтің орталық бөлігінде - үш жоғарғы бидің мүсіндері -Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би, монументтің төменгі бөлігінде-Қазақстанның даму тарихы бар барельеф орнатылған. Жоба авторлары-мүсіншілер С. Сейітов, Н.Қалиев.