Ақпараттық акция.

16.07.2024

16 шілдеде "Таза Қазахстан" акциясын жалғастыра отырып, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесі Өскеменнің ескерткіш-ғимараттарында орналасқан мекемелердің қызметкерлері арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында танымдық іс-шара ұйымдастырды.

            Алтын өндірушісі Валитовтың үйі.

ХХ ғасырдың басында бұрынғы Троицк көшесіндегі бұл үй ең керемет үйлердің бірі болды. Кеңестік кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін ғимаратта Геология ғылымдары институтының Алтай бөлімі орналасқан.

  "Мир" кинотеатры.

Екі қабатты кірпіш ғимарат ХХ ғасырдың 50-жылдарында салынған. Үш бөлмеден тұрады: билет сататын зал, фойе, фильм көруге арналған зал. Қасбеттің безендірілуі екінші қабаттағы балконның балюстрадасы болып табылады.