Дәмөгей, Кәмила, Жағыпар бейіттері. 1987 жыл

14.07.2022

Ескерткіштің сипаттамасы:
Дәмөгей, Камила, Жағыпар ескерткіштері – Ақшоқыдағы қажы әулеті жерленген қорымның жанында қатарлас тұр. 1987 жылы олардың қабірлерінің басына арнайы аттары жазылған ескерткіш тақталар қойылған. Бұл адамдар ұлы Абайдың ұрпағы, Ақылбайдың балалары, 1987 жылы қайта жерленген.