«Тарих керуені» ақпараттық сағаты

30.06.2023

Іс-шара ескерткіш - ғимараттардағы ұйымдардың қызметкерлері арасында Өскеменнің тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған. Өтетін орны – ХХ ғасырдың сәулет ескерткіштері: Байланыс үйі (1959 жыл), Халық ағарту министрлігінің бастауыш мектебі (1900 жыл), Құрылысшылар мәдениет үйі (1952 жыл), Энергетиктер мәдениет үйі (ХХ ғасырдың 50 жылдары).
«Тарих керуені» ақпараттық сағаты қаламыздың құрылуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, тарихтың үнсіз куәгерлері – сәулет және монументалды ескерткіштермен танысуды қамтыды.
Қызығушылық тудыратын сұрақтар қоюға және оларға жауап алуға мүмкіндік беретін ақпараттық-танымдық іс-шара туған өлкенің тарихы туралы білімді тереңдетуге, сондай-ақ мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселесіне халықтың назарын аударуға ықпал етеді.
Халыққа берілген брошюралар Өскемен қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері туралы қызықты тарихи мәліметтерді қамтыды.