Жамбыл атындағы қалалық саябақ.

23.12.2022

Тарихи мәліметтер: 1899 ж. саяси жер аударылғандар О.Ф.Костюрин, Е.В.Михаэлис, А.Н.Федоров және т.б. ықпалымен қаланың шетіндегі алаңда қалалық парктің негізі қаланды («Штрихи к портрету города» кітабы бойынша - 1889 жылымен қате берілген). Парк іргесін қалау рәсіміне Г.А. Вистениус, Г.Ф. Новиков, Д.Г. Панкратьев, И.М. Евсеенко, С.Я. Пузырев қатысты. Отырғызатын ағаш көшеттерді жергілікті әскери лазарет дәрігері, бағбан - Г.А. Вистениустан алды. Бақ өте баяу дамыды, себебі оны ешкім күтіп бақпады. Оның аумағында мал жайылды, өрт сөндіру қызыметкерлері осы жерде жылқыларына шөп шапты. Кеңестік кезеңде саябақ Ушанов көшесі бағытына қарай кеңейді. 1946 ж. қалалық атқару комитетінің 30.07.46 күнгі шешімі бойынша паркке ақын Жамбылдың аты берілді.