Ақбауырға саяхат

06.10.2022

  Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесі Өскемен қаласы әкімдігінің "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, Ақбауыр археологиялық ескерткішіне экскурсиялық саяхат ұйымдастырды. 
  Экскурсияға қатысушылар Ақбауыр кешенінің  табиғи және тарихи нысандарымен танысты,  сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, профессор З.С. Самашевтың жетекшілігімен жүргізілген  зерттеулер,  археологиялық қазбаларымен де танысты.