«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

20.09.2022

2022 жылдың 9 қыркүйегінде Өскемен қаласында археологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысы нәтежиесінде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция Шығыс Қазақстан облысындағы археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасының аясында 2016 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның басты мақсаты – халықаралық ғылыми қауымдастық пен қалың жұртшылықты аймақтың археологиялық әлеуметімен таныстыру. Конференцияда Қазақстанның жетекші археологтары, профессорлар З.Самашев пен Ә.Төлеубаевтың жетекшілігімен жүргізілген соңғы қазба жұмыстары іргелі зерттеулердің материалдарын ғылыми айналымға енгізілді, сондай-ақ шет елдік ғалымдардың  (Ұлыбритания, Түркия, Ресей) қатысуымен өтті.
Конференцияға дипломатиялық миссиялардың, ірі ғылыми орталықтардың өкілдері, мәдениет және тарих саласының мамандары қатысты.
Конференция аясында пленарлық отырыс, Бестерек ауылында панельдік секциялар өткізіліп, ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы, сондай-ақ Ақбауыр кешені бойынша экскурсия өтті.
Сонымен қатар, конференция қонақтарына Ресей мен Ұлыбритания музейлерінде қойылған "Ұлы дала алтыны" көрмесіне қатысудың бірегей мүмкіндігі ұсынылды.