Көкпекті 3 петроглифтер тобы

30.06.2022

Ескерткіштің орналасқан жері: Көкпекті ауылы

Көкпекті 3 петроглифтер тобы Көкпекті ауылдық аймағына қарасты Көкпекті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км орналасқан. Тас бетіндегі суреттер таудың шығысындағы жартастар бетіне бейнеленген. Аталмыш жерде антропоморфты бейнелер, тау ешкілер, архарлар және де бұғылар бейнеленген. Петроглифтердің жасалу тәсіліне қарай отырып шамамен қола және ерте темір дәуірімен мерзімдеуге болады.