Кеңгірбай би (Би-ата) мазары. 1825 жыл

03.06.2022

Абай ауданы, Қарауыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 шақырым

Жоспар бойынша дөңгелек келген мазар күмбезбен көмкерілген. Сыртынан қарағанда күмбездің жоғарғы жағы сәл сатылы болып келген, ішкі жағынан байқалмайды. Күмбездің ішкі көрінісі параболлаға жақын.  Кеңгірбай би Жандосұлы – Арғын,  Тобықтының  атақты  биі,  көреген  ел  басшысы,  есімі  елінің  ұранына  айланған. 1735 жылы  Оңтүстік  Қазақстандағы  Кеңгір  өзенінің  бойында  туған.  Ұзақ  жыл  әділетпен,  кемеңгерлікпен  елін  басқарған. 1825 жылы  дүниеден  қайтқанда  Самал  төбеге  жерлеген.