Семейдің 250 жылдығына арналған стела

03.09.2021

1968 жылғы монументальды өнер ескерткіші.
Мекен-жай: Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, автомобиль көпірінің жаны.

Семей қаласының аты Зордшинкинт буддалық монастырының жеті шатырының қирандыларынан алынған.

1968 жылы Семейде қаланың негізі қалануының 250 жылдығы тойланды. Осы оқиға құрметіне сол жеті шатыр орналасқан жерге 1972 жылы қаланың негізі қалануының 250 жылдығына орай стелла орнатылды.

Авторы – ленинградтық сәулетші Томич. Биіктігі 18 метр. Өңделуі – темірбетонды декоративтік токөздер және қаланың екі мыс гербі. Семей қаласының гербі конфигурация формалы қалқанда бейнеленген. Гербтің ортасында Совет мемлекетінің рәмізі бес тармақты жұлдыз орналасқан. Жұлдыздың үстінде ашық кітап тұр, ол қаланы ірі мәдениет орталығы және оқу орындарының ордасы ретінде сипаттайды. Ашық кітаптың сол жағында қалаға аты берілген жеті шатыр бейнеленген. Оң жағында ашық күн шұғыласына малынған өнеркәсіп орындарының сұлбасы орналасқан.

 

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі, Өскемен қаласы, 2005 жыл.Б.-72.

http://www.cbssemey.kz/