Ямышев бекініс қақпасы

09.07.2021

1718 жылы I Петрдің жарлығымен Семейден 18 шақырым жерде Семипалатный қамалының негізі қаланған. Ертіс суының көктемде тұрақты түрде тасуының салдарынан 60 жылдың ішінде қамалдың орны үш рет ауыстырылған. 1776 жылы қамал қайтадан биіктеу жерге салынған, сол арада қазір де Семей қаласы тұр.
1973 жылы қақпаның орны ауыстырылған, тағанының негізіне тақталар салынған. Қамал қақпасы мен қамал қабырғалары инженер- капитан Г.И.Андреевтің басшылығымен және оның жобасымен салынған.
Қақпаның үлкен арқалары бар, төбесі шатырлы, карнизінің түрі қарапайым сурет секілді. Арқасының қабырғалары жоғары қарай иіліп барып, бір шағын тоннелге айналады.
18 ғасырдың сәулет ескерткіші мемлекеттің қорғауына алынып, оған республикалық ескерткіш санаты берілген.