Омар мазары

22.06.2021

1918 жылғы Омар мазары Тарбағатай ауданы, Мәдениет ауылының батыс жағына қарай 59км

жерде орналасқан.

         Омар Смағұлұлы (тегі керей-қосай) ол әкесі сияқты бай адам болған.Омар мазарын Есілбай деген шебер тұрғызған. Ескерткіш жайпақ төбе ортасында орналасқан.     

Мазар үш камералы, дөңгелек белағашты бойлай өтетін тұсында бөлме орналасқан, кезекті параболалығы жоғарғы күмбезбен көмкерілген. Әрбір камера күмбез шаршысына негізделген, ортаңғы камерасы басқа екі камераға қарағанда үлкендеу етіп күмбезделініп, жоғарыға сәйкес етіп салынған. Шыға беріс есік орны дөңгелек белағашын бойлай оңтүстік-шығысқа бағытталған. Әрбір камераның бүйір жақ маңдай беті текшелей  қоса қабатталынып, қуыс аркасымен бөлшектелінген.  Күмбездегі жасанды көмбе біржола жойылғандықтан желкенді және күрделі болып  шыққан, күмбез дөңгелек негізі камера шаршысының өтуімен қамтылған.  Әрбір күмбездің негізі  үш  құрылымнан тұрады:( бұл өте сирек, кәдімгі, екі немесе төрт) жарық саңылауы кірпіш арқылы жалғастырылған. Камераның ерекшелігіне әсіресе біріншісі мен екіншісі жатады, дымқылданылған  құлыптастың қалдығы байқалады. Камераның шыға беріс қабырғасына арабша жазу таңбалары бейнеленген. Мазардың артқы жағында(1918 жылы) көрсетілініп, бірнеше қашықтық метр аралығында тастан қашалынып салынған ескерткіш орнатылған, одан арабша жазу таңбаларымен көрсетілген сандарды да байқауға болады. Мазар саз балшық ертіндісі құйылған кірпіштен түзу бұрышты  қалыпта тұрғызылған.  Жоспар мөлшері – 6,3х 17,6м, биіктігі – 7,4м, қабырға жуандығы – 1,0м.

 Мазар сәулеттік көзқарас тұрғысында үлкен қызығушылдықты тудырады, бұл қазақтың бір тарихи оқиғасына байланысты көпқырлы нұсқасы болып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.  «Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет және ескерткіштер тарихы жайлы мағлұматтар» атты Э.М.Байтеновтың мақаласынан.

ШҚО облыстық мәдени басқармасы, Алматы – Өскемен, 2005ж.

  1. «Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет және ескерткіштер тарихы жайлы мағлұматтар» атты Э.М.Байтеновтың мақаласынан.

Сәулет. /Алматы – Өскемен, 2005ж./