Шұлық фабрикасы

11.06.2021

Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 31/33. Ш.Уәлиханов көшесімен қиылысында орналасқан.
Шұлық фабрикасының ғимаратын (революцияға дейін сауда орындары болған) Михайлов-Малышев деген көпес сатып алған. Мұнда оның азық-түлік дүкендері орналасқан. 1916 жылы болған ереуіл (солдат әйелдердің нан үшін көтерілуі) кезінде дүкен қиратылған. Кейін онда әртүрлі қоймалар орналасқан. 1941 жылы Ростов облысының Азов қаласынан Семейге шұлық фабрикасын көшіргенде, оны осы ғимаратқа орналастырады.
Сызбасы жағынан бұл «Г» тәріздес ғимарат, кірер есігі бұрышында. Шұлық фабрикасының бір қабатты әкімшілік ғимараты (Шұлық фабрикасының кеңсесі) жалғап салынған.
Бір қабатты ғимарат өзінің бүкіл биіктігі бойына айқын бөліктері бар пилястралармен бөлшектенген. Парапетінде пилястрлар шығынқы бағандары бар қаңылтыр шатыр тәрізді болып аяқталады. Есіктері мен терезелері сыртынан металл қақпақтармен жабылады. Бұрыштан кіретін есігі портал ретінде безендірілген, ол вертикальды түрде екі бөлікке бөлініп, жартылай шеңберлермен аяқталады. Кіреберістің үстіне үшкір шатыр тәрізді күмбез орналасқан, оған бес бұрышты жұлдыз қадалған.
Әкімшілік бөлігі. Бұл симметриялы осінде кіріберіс бөлігі орналасқан. Ғимарат өзінің бүкіл қасбетінде (фасад) пилястрлармен бөлщектенген. Басты есік портал ретінде безендірілген. Кіреберіс есік алға қарай шығыңқы жартылай шеңберге орналасқан, қіреберістің жанында айшықты жартылай шеңбер тәрізді терезелері бар. Порталдың пилястрлары қаңылтыр шатырмен аяқталады, төбесі екі жаққа қарай сырғымалы. Екінші қабатта терезелер шығыңқы элементтермен бітеді. Терезенің үстіндегі карниздің төменгі бөлігі үш бөлікке бөлінген.