Ақбауыр тарихи-археологиялық кешеніне саяхат

22.09.2019

Іс -шараның  мақсаты – тарихи – мадени мұраны насихаттау, тарихымызға деген қызығушылықты оятып, туған өлкенің ерекшелігімен таныстыру.

Ақбауыр табиғи-тарихи ескерткішінде көптеген бірегей табиғи және тарихи нысандар орналасқан. Ландшафтпен танысу экскурсия түрінде өтті, сондықтан әрбір айтылған дәлелге  көз жеткізіліп, барлық жағынан қол жетімді болды. Іс-шараға қатысушылар ежелгі қасиетті жердің бай екенін білді.

ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап "Ақбауыр" ұғымы ежелгі астрономиялық кешеннің синониміне айналды. Мұнда көктемгі күн мен түннің теңелуі, жазғы және қысқы күн тоқырауы күндері күн өтетін үш нүктені көруге болатын белгілі бір орын бар. Адам бұл жерді б. з. д. V-III мыңжылдықта игере бастады,бұл туралы охрамен орындалған жартас суреттері бар тас үңгірлер дәлелдейді. Экскурсияға қатысушылар Ақбауырды мекендеген ата-бабалардың жолымен жүріп өтті. Мұнда көптеген пайдалы қазбалар бар.  Сондықтан да Ақбауырда түрлі тарихи кезеңдерде адамдар тек мал шаруашылығымен ғана емес, сонымен қатар металлургиямен де айналысты.

Ақбауыр сөзі –  өз алдына мекен немесе шағын аудан деген ұғым болып есептеледі.. Ал тағыда бір қызығушылық тудыратыны – ол осы жердегі молалар. Олардың ең көп зерттелгені – Қызылтас моласы.

Экскурсияға қатысушылар ағымдағы жылдың мамыр айында тарих ғылымдарының докторы, профессор З. С. Самашевтың жетекшілігімен кең ауқымды зерттеулер жүргізілген Ақбауыр тас үңгірлері жанындағы "діни алаң" жұмысымен де танысты.