Берель қорғандарымен танысу

05.06.2019

Сакралды орындарды насихаттау Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына енгізілген «Касиетті Казахстан» арнайы жобасының маңызды бағыттарының бірі болып есептеледі. Өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасымен жастарды таныстыру, патриотизмді және олардың өз тарихына деген мақтаныш сезімін нығайту мақсатында экскурсиялар өткізіледі.

2019 жылдың 3-4 маусымда «Балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне Катон-Қарағай ауданындағы Берел қорғандарына экскурсия ұйымдастырылды.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 2016 жылдан бастап белгілі қазақстандық археолог Зайнолла Самашевтың жетекшілігімен Берел қорығында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы кезеңде IV-III-ші ғасырлардағы сақ қоғамының жоғары элитасының өкілдерін жерлеуге арналған №2, 5, 19 қорғандарында зерттеулер жүргізіліп келеді.

 «Берел» Республикалық тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлері балаларды ежелгі көшпелі ақсүйектердің жерлеу дәстүрі, сондай-ақ аң стиліндегі табылған заттардың арқасында Берел қорымын бүкіл әлемге белгілі болған орынмен таныстырды. Балалар музей кешенін аралап, ежелгі ерекше элиталық адамның көму дәстүрімен танысты, онда 5 жылқы қаңқасы, сағызқарағайдан жасалған арнайы құрылым және сол кездегі қолданыстағы құрал-жабдықтарды көруге болады.

Экскурсия барысында Шыңғыстай ауылында балалар ХХ ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті қазақ жазушысы Оралхан Бөкей үйі мұражайына барды.  Осында жазушы өзінің балалық шағын өткізген, балалар жазушының өмірімен және шығармашылығымен танысып, сондай-ақ оның, киімі, фотосуреттері мен кітаптары сынды құнды заттарын көрді.

Катон-Қарағай ауданына жол тарту балаларға қасиетті орындармен танысу ғана емес, сонымен қатар қалың қарағайлы ормандары, шыңдарында қар басқан әдемі көріністер мен таза ауаны сезініп, тамашалауға мүмкіндік берді.