Жидебай Бөрілі қасиетті объектімен танысу

31.05.2019
Жастар жылы аясында «Рухани Жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында және Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай жас ұрпаққа тарихи құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ облысымыздың қасиетті объекілеріне экскурсиялық саяхат ұйымдастырады.

Ағымағы жылдың 29-30 мамырында С. Аманжолов атындағы жоғарғы колледжнің студенттеріне Абайдың «Жидебай Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды.

Саяхаттың бірінші күні студенттер қасиетті жерлердің бірі, «Абай-Шакарим» мемориалдық кешені орналасқан Абайдың атымен байланысты Жидебай шатқалына келді. Жидебайда Құнанбайдың ұрпақтарының отбасылық мұрасы сақталған орын, бүгінгі таңда Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы орналасқан. Абайдың өмірінің соңғы 10 жылы осында өтті. Абай мұражайына барар жолда студенттер екі ғашық Еңлік және атақты Кебектің көрнекті ескерткішіне барып, қатал және қайғылы махаббаттың оқиғасымен танысып, мәлімет алды.

Саяхаттың екінші күні студенттер Семей қаласының мәдени орталығы болып табылатын Абай атындағы мұражайға барды. Бүгінде бұл орын жай мұражай ғана емес, ол көне Семейдің өткен тарихы іспеттес. Мұражай залдарынан студенттер Абайдың отбасымен және балаларымен түскен ескі суреттерін, мұражайға сыйға тартқан Абай қолданған заттарымен танысты.

Мұражай кешенінің аумағында жастар Абай білім алып, алғашқы өлеңдерін шығарған Ахмет Риза медресін аралады. Алғашында Мемлекеттік мұражай Абайдың досы мен жерлесі болып табылатын Әнияр Молдабаевтың үйінде орналасқан болатын. Қазір ол үйде «Алаш арыстары және Мұхтар Әуезов» мұражайы орналасқан. Онда балалар Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қызметі мен Алаш партиясының өкілдері жайлы мағлұмат алды.

Тарихи Семей қаласын аралау студенттер ядролық полигон құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» мемориалын көрді.

Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлына қатысты тарихи орындар бойынша экскурсия, балаларға әр көшесі тарихқа тұнған, ұлы данышпанның білім алған жері - Семей қаласын басқа қырынан тануға мүмкіндік берді.