«Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұрасының сақталуы және насихатталуы» ашық лекциясы

17.04.2019

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Семей қаласының Қазақстан Иновациялық университетінде «Тарихи мәдени мұраны қорғау жөнінденгі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесінің» КММ ұйымдастыруымен «Шығыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраның сақталуы және насихатталуы» атты тақырыпта ашық лекциясы өтті. Аталмыш іс-шара   «18-сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау» күніне орай ұйымдастырылды.
2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына байланысты тарихи мұрамызды дәріптейтін осындай лекциялар студенттерге маңызды екенін айта кету керек.
Ашық лекция тарих ғылымдарының докторы, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің археологиялық экпедицияның жетекшісі Исин Амантай Исаұлының, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің инспектор маманы Тілепбергенов Бауыржан Серікқалиұлының, Абайдың «Жидебай Бөрілі» мемлкеттік қорық музейінің жетекші ғылыми қызметкері Қиықбай Қуаттың, Семей қаласындағы Достоевский әдеби-мемориалдық мұражай қорының бас сақтаушысы Титаева Татьяна Геннадиевна, "Прииртышье" өлкетану қоғамы" қоғамдық бірлестігінің қызметкері Перцова Наталья Владимировна, Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Қадырова Лаура Кабдылгазыновнаның қатысуымен өтті.
Іс-шараның қатысушылары студенттерді облысымыздың ескерткіштері, жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері сонымен қатар Семей қаласының тарихымен таныстырды. Қызықты баяндамалар слайд арқылы баяндалды.
Аудитория әр түрлі мамандықтардың 100 ге жуық 3-4 курс студенттерін қамтыды. 
Тарихимыздың мәдени мұрасын дәріптеуге өзіндік үлесін қосатын мұндай іс-шаралар аса маңызды екенін айта отырып, лекцияға қатысушылар алғыстарын білдірді.