«Қаланың сәулет ескерткіштері» акциясы.

25.06.2024

Ескерткіш ғимараттарда орналасқан мекемелердің қызметкерлері арасында мәдени мұраны насихаттау мақсатында облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің мамандары «Қаланың сәулет ескерткіштері» акциясын өткізді.

Шара барысында тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін алған XIX-XX ғасырлардағы көне ғимараттардың тарихы айтылды. Сондай-ақ ақпараттық брошюралар ұсынылды. Іс-шара келесі монументтік ғимараттарда өтті:

Көпес Курочкиннің үйінің негізінде салынған облыстық атқару комитетінің ғимараты, 1940 жылы салынған.

Бұл ескерткіш кеңестік кезеңде (ХХ ғасырдың 50-жылдары) классикалық портико сияқты маңызды сәулеттік компоненттермен қосылып біртұтас біріктірілген үш жеке ғимараттан тұрады.

 

Сыра зауытының иесі Яворовскийдың үйі, 1908 жылы салынған.

Ғимарат екі қабатты, кірпіштен салынған, жертөлесі тас. Станислав Яворовский - жер аударылған поляктардың жарқын өкілдерінің бірі, Өскеменде саудамен және омарта шаруашылығымен айналысқан, сонымен қатар сыра зауытының негізін қалаушылардың бірі болған.

ХХ ғасырдың басында салынған кредиттік серіктестік банкі.

Өзінің бастапқы функциясын өзгертпеген революцияға дейінгі салынған санаулы құрылыстардың бірі.  ХХ ғасырдың 50-жылдары екінші және үшінші қабаттар салынды. Ғимарат кірпіштен тұрғызылған, бірінші қабаттың қасбеті тікбұрышты ұзартылған дентикул лентамен безендірілген.