ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Мекеме қызметі

"Халықтың өткені болмай, болашағы болмайды",- деп Елбасымыз өзінің жолдауында бірнеше рет атап өткен болатын.

         Қазақ елінің XXI ғасырдың басында қол жеткізген экономикалық жетістіктері, мәдени процесстердің дамуына айтарлықтай үлесін қосты. Оған Н.Ә. Назарбаевтың және Қазақстан үкіметінің, егеменді елде орнықты да тұрақты қоғам құруға негізделген, көптеген бастамалары мен іс-шаралары арқау болды.

         Қазақстанда қоғам мен мемлекеттің жемісті әрі нәтижелі ынтымақтастығының көрсеткіші - 2011 жылы аяқталған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Бұл бағдарлама өзінің ауқымдылығымен бірегей, яғни тек қазақстандықтардың ғана емес, жалпы адамзаттың мәдени және рухани дамуына үлес қосты. Бағдарламаның жүзеге асуына отандық және шет елдік білім беру, мәдениет саласындағы ғалым өкілдері жұмылдырылды. «Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Бағдарлама аясында жүргізілген кең ауқымды археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ел тарихының жаңа парақтары ашылды. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, онда табылған «скиф-сібір аң стиліне» немесе сақ өнеріне (б.з.д. V-III ғғ.) жататын алтын бұйымдар әлемге әйгілі болды.

Қазақстан Республикасының мәдениет саласының басты бағыттарының бірі - тарихи-мәдени мұраларды қорғау мәселесі болып табылады. Ескерткіштер - өзіндік мәдениет құндылықтары мен дәстүрлерді қорғау және молайту арқылы ұрпақ сабақтастығын байланыстырушы жол. Олар мәдениет мұрасының басты бөлігі және де маңызды қоғамдық функцияларды атқарады, сондай-ақ, ғылымның, білім берудің, мәдениеттің даму мақсаттарына қызмет етеді. Келешек ұрпаққа патриотизм, эстетикалық тәрбие сезімін қалыптастырады.

Еліміздің Президенті өзінің халыққа жолдауында, тарихи-мәдени мұралар ауқымындағы мәселелерге бірнеше рет назар аударды. Аталмыш мәселенің шешімін табу мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Мекеме қазіргі заман мәдениет ортасын қалыптастыруға ықпал жасайтын, танылмаған  және жаңа тарих пен мәдениет ескерткіштерін анықтап олардың архитектуралық-көркемдік ерекшеліктерін және бүгінгі таңдағы жағдайын айқындап, қорғауға алуды қамтамасыз етеді. Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі облыс аумағындағы тарихи-мәдени мұралардың рухани аясын дамытып, оларды зерттеп және тиімді қолданылуын қадағалайтын орган. Сондай-ақ, жаңадан тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтап ғана қоймай, оларды жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі заңнамалардың сақталуын қамтамасыз етеді. 

 

Шығыс Қазақстан облысы аумағында 623 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, оның ішінде 16 мемлекеттік маңызға, ал 607 жергілікті маңызға ие ескерткіштер.  

Алтай аумығының бөлігі  болып табылатын Шығыс Қазақстан облысы жалпыадамзаттық өркениетті бейнелейтін түрлі тарихи оқиғаларға, ескерткіштерге өте бай. Алтай және қазіргі Шығыс Қазақстан аумағы тек сауда-экономикалық, қаржы, мәдениет орталығы болып қана қоймай, сонымен қатар қазақ елінің құрамына енген түрлі түркі тайпаларының қағанаттары пайда болған жер. Біздің өңір Шығыс пен Батыстың сауда-экономикалық, дипломатиялық және мәдени қарым-қатынастарының трансконтиненталды коммуникациялық жүйесі болып табылатын Ұлы Жібек жолының бойында үлкен халықаралық маңызға ие болған. Мәдениаралық, қоғамдық-экономикалық байланыстардың негізінде дәл біздің өңірде көнетүркі жазулар (руна, ұйғыр жазулары) пайда болған. Осы жазулармен жазылған ата-бабамыздың тарихын баяндайтын көптеген көнетүркі ескерткіштер бар.     

Рухани және материалды  мәдениетті сақтау жұмысы - жаңа заман технология құралдары мен әдістерін қолдануды және қаржылай қолдауды талап етеді. Қоғам мен мемлекеттің арнайы ұйымдастырылған және нақты бағытталған күштерінің жұмылуымен, мәдени азып-тозудың алдын алуын, қоғамдық-мәдени тұтастық аясын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

 

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

000116 000125 000120

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page