ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

«Мұралар туралы естелік»

Жас ұрпақты тарихи-мәдени ескерткіштермен таныстыру және түсіндіру мақсатында «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» ҚММ мамандары ағымдағы жылдың 4-5 қазанында А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектептің 6-7 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

«Тұған жер» бағдарламасының аясында өткен іс-шара барысында еліміздің тарихын қоғамға баяндайтын тарихи және мәдени ескерткіштердің маңыздылығы атап өтілді. Бұдан басқа, балалардың өздері тарихи және мәдени ескерткіштерді зиян келтіретін және бүлікшіл әрекеттерден қорғау, мұқият сақтау керектігін атап өтті.

Археологиялық қазбалар материалдары Шығыс Қазақстанның ежелгі тарихи өткені туралы әңгімелейді. Біздің еліміздің тарихында осы деректердің рөлі баға жетпес. Біздің қаламыздың экономикалық және мәдени дамуының куәгерлері әртүрлі ғимараттар болып табылады, олардың арасында ежелгі сәулеттік ансамбльдер мен архитектураның жеке ескерткіштері бар. Оқушылар бұл ғимараттардың тарихымен, археологтардың барлау жұмыстарының барысында табылған артефактілермен танысты. «Көне дәуір мұралары» атты деректі фильмнің көрсетілімі балалардың туған өлкенің тарихына қызығушылығын арттырды. Археологтардың өздері және олардың атқаратын жұмыстары оқушыларды ерекше қызықтырды. Елбасы, облыс әкімі және шетелдік зерттеушілердің осы археологиялық ескерткіштерге жасаған сапарлары оқушыларға біздің өңіріміздің мәдени мұрасының қаншалықты ауқымды және ерекше маңызды екенін көрсетті.

ШҚО орналасқан барлық ескерткіштер тұралы мәлімет, қызықты мақалалар мен оқиғалар туралы барлық ақпарат twitter, facebook және мекеме сайты сияқты ғаламтор ресурстарында бар екенін хабарлап, үгіт-насихат жұмыстарымен мамандар іс-шараны аяқтады. 

 

 

 

 

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page