ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

«Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы»

2017 жылдың қыркүйектің 13 мен 21 күндері Өскемен қаласының №2 орта мектебі мен №10 мектеп-гимназиясында  «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ мамандары 5-6 сынып оқушыыларына арнап «Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды өздерінің туған қаласынан басталатын Шығыс Қазақстанның тарихи ескерткіштермен, өз елінің ер тарихы мен археологиялық мұраларын тарихты тікелей жеткізушілер ретінде құрметтеуді насихаттау болды. Өткен іс-шараның барысында оқушылар деректі фильді тамашалап, көптеген қызықты сұрақтар қойды, бұл мәселелер бойынша соңы қызықты пікірталасқа ілесті. Балалар Өскемен қаласының құрылуынан бастау алатын  көптеген қалалық ғиматарттардың тарихы туралы білді. Біздің облыстың археологиялық ескерткіштері, мысалы, Берел және Шілікті, жас тыңдаушылардың назарын аударды.

Іс-шара өте мазмұнды және нәтижелі болды.

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

000116 000125 000120

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page