ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі-2017» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 2017 жылдың 8 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғырту бағдарламасы аясында «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Конференцияның маңызды мақсаттарының бірі облысымыздың бірегей археологиялық нысандарында жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесін көрсету болып табылады.

Конференцияға шетел мемлекетерінің елшілері, ҚР мемлекет қайраткерлері, археология және түркітану саласындағы беделді қазақстандық және Ұлыбритания, Венгрия, Түркия, Ресей Федерациясының сарапшылары қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысының модераторы - Шығыс Қазақстан облысының әкімі – Д. Ахметов. Ағымдағы жылда жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеулердің қортындысы бойынша алдыңғы қатарлы  қазақстандық археологтар баяндама жасады - З.Самашев, К.Байпаков, Ә.Төлеубаев, сонымен қатар шетелдік археолог - Н.Боковенко (РФ) өзінің зерттеулерімен таныстырды. Түркі әлемінің мәдени мұрасы бойынша атақты түркітанушылар – Т.Шахбазов (Түркия), Т. Давлетов (Түркия), Гюльсюм Килли Йылмаз (Түркия), Е.Ғарифолла, өз баяндамаларын жасады.

Конференция аясында археология, сакралдық, түркітану және туристтік тақырыптар бойынша көрмелер ұйымдастырылды. Археологиялық көрмеде 2017 жылы Берел, Шілікті, Аблайкит сынды облысымыздың атақты ескерткіштерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған артефактілер көрсетілді. Сакралдық көрмеде Шығыс Қазақстанның елеулі нысандарымен таныстырды. Туристтік көрмеде облысымыздың туристтік мүмкіндіктері көрсетіліп, Шығыс Қазақстан облысы жайында бейнебаян ұсынылды. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті түркітану тарихын баяндайтын кітаптардың көрмесін ұйымдастырды.

Конференцияның пленарлық отырысынан кейін, конференция қатысушылары археология және түркітану бағыттары бойынша секциялық отырыстарға қатысты.

Конференция қортындысы бойынша археология, түркітану, алтаистика және өлке тарихы бойынша жинақ жарық көрді.

Конференция қонақтарына облысымыздың атақты ескерткіштерінде жүргізілген археологиялық жұмыстары барысын мазмұндайтын «Көне дәуір мұралары»аттыдеректі фильмі ұсынылды.

 

Облыс басшысы Д.Ахметов: «Бүгінгі кезде Алтайдың бай мұрасын бізге тарихи және тәжірибелік жағынан жете зерделеу қажет. Бұл тарихи деректермен соңғы ғылыми-зерттеу нәтижелерін жинақтауға мүмкіндігін жасайды, Еуразияның кең аумақтарында мекендейтін халықтар арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, олардың дамуына жаңа импульс береді », - деп белгілеп айтты.

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

000116 000125 000120

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page