ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

QR-код: көне заман ескерткіштеріне виртуалды саяхат.

Шығыс Қазақстанның бай табиғаты мен тарихы шетел ғалымдары мен саяхатшылары үшін улкен қызығушылық тудырады. Өлкеміздің тарихы - маңызды оқиғаларға толы. Бұл жерде әлемдік деңгейдегі үрдістер болып, халқымыздың ұлы өкілдері өмір сүрген, сонымен қатар осы жерден Жібек жолы өткен.


Тарихи-мәдени мұрамызды сақтау және насихаттау мақсатындағы инновациялық технологиялардың бірі ол – ескерткіштерге QR-код орнату (Қазақстанда алғаш рет біздің облыста қолданылды). Ол төртбұрышты тақтайша ішінде ақ және қара түсті ою-өрнектермен бейнеленген.QR-код – ол матрицалдық код (екі өлшемді штрих код) болып табылады. «Quick response» - «жылдам жауап» дегенді білдіреді. Ұялы телефонға арнайы бағдарлама орнату арқылы және оның фотокамерасы арқылы сканерге түсіріп, сол ескерткіш жайлы егжей-тегжейлі ақпарат алуға болады. Бүгінгі күні QR-код Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік тізімге енгізілген 10 ескерткішке орнатылған.

Тарихи және мәдени ескерткіштер тізімі.

Тарихи және мәдени ескерткіштердің иесі

     1.

Жамбыл атындағы облыстық драмтеатр (бұрынғы Халық үйі), 1902 ж. Головкова көшесі,31

КГКП «Дом дружбы народов» директор Толеубаев Э.Т.

     2.

Жоғарғы қалалық бастауыш училищесі 1882-1886 ж. Головкова көшесі, 29

 

КГКП «ВКО архитектурно-этнографический и                   природно-ландшафтный музей-заповедник» директор Зайцев Н.А.

     3.

Металлургтер мәдениет үйі, сәулетші Л. И. Маковеев 1957 ж. Тәуелсіздік даңғылы, 68

КГКП «Ертіс концерт» директор Кажиков Б.К.

     4.

Тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты (бұрынғы Қалалық полиция басқармасы), ХХ ғасырдың басы.                 Қ. Қайсенов  көшесі, 40

КГКП «ВК Областной историко-краеведческий музей» директор

Нургазиева С.К.

     5.

И.Н. Кожевниковтың шыны және фаянс ыдыстары дүкені, 1914 жыл.  М. Горький көшесі, 59

КГКП «ВКО архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник» директор Зайцев Н.А.

     6.

Мариин әйелдер училищесі, 1901 жыл. Қ. Қайсенов көшесі, 67

КГКП «ВКО архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник» директор Зайцев Н.А.

    7.

Өнер мұражайының ғимараты (алтын өнеркәсіпші А.С. Меновщиковтың  бұрынғы кеңсесі), 1914 жыл. Тоқтаров көшесі, 56

КГКП «Восточно-Казахстанский музей искусств» директор Калиева Н.А.

   8.

Көпес А. Рафиковтың лабазы, ХІХ ғасырдың соңы. М. Горький көшесі, 50 

ТОО «ВК Деловой центр» директор  

Косенко Р.В.

  

 9.

«Эхо» иллюзион (кинотеатры),1911 жыл. Киров көшесі, 54

ТОО «Развлекательный комплекс ЭХО» директор Татаева А.М.

     10.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен батырларға арналған «Жеңіс» мемориалдық кешені, авторы В.С. Раппопорт,1995 жыл. Протазанов көшесінің, Славский атындағы Ертіс жағалауының қиылысы, "Стрелка" ауданы)

 

 Осы нысан бойынша ақпараттар мемлекеттік тілде және орныс тілінде қол жетімді. QR-кодты пайдалану арқылы саяхатшы ескерткіштің тұрған орны және ол туралы толық ақпаратқа көз жеткізіп, өзінің тұрған орны бойынша еркін бағдар алуға және қызықты да жайлы саяхат жасауға мүмкіндік береді.

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

000116 000125 000120

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page