ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Тарих - біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі.

    2017 жылы 6 маусым «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Өскемен политехникaлық колледжінің 2-курс студенттерімен Өскмен қаласындағы сол жақ жағалау этнографиялық қорық музейіне саяхат ұйымдастырылды.

Аталмыш саяхаттың мақсаты Шығыс Қазақстан облысының тарихи - мәдени мұрасын өскелең ұрпақ арасында насихаттау. Сонымен қатар студенттерді этнография – этностық топтардың шығу тегі, тұрмыстық сипаттамалары және материалдық, рухани мәдениетімен таныстыру.

Сол жақ жағалау этнографиялық қорығы - Шығыс Қазақстан облысының этнографиялық және табиғи - ландшафтық мұражай-қорығы болып табылады. Саяхат жасау барысында студенттер этнографиялық қорық мұражайының кеңес дәуіріндегі ескерткіштер аллеясы; әуе кемесінің көрмесі; «Қазақстанның ежелгі нышындар» аллеясы; I және II халықаралық симпозиумдар мүсіні «Қалалық ортадағы мүсін» нышандарын аралап, тамашалады. Студенттер ескерткіштер тарихына деген қызығушылық танытып, этнографиялық мұра туралы сұрақтар қойды. Сонымен қатар, саябақта бірінші рет болған студенттер жағымды әсер алды, өлкеміздің мәдени тарихы жайлы тыңды ақпараттар алды.

 

Осындай тарихи орындарға саяхат жасау жастардың өлке тарихымен тереңірек танысып, тарихи – мәдени мұраларымызды сақтап, бағалай білуге, патриоттық сезімдерін арта түсуіне себепкер.

 

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page