ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

«Эхо» кинотеатры

        2017 жылдың 22 мамырында «Тарихи – мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталық оқушылары үшін қайырымдылық іс – шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар «Эхо» кинотеатрында мультфильм тамашалауымен қатар, кинотеатр тарихы және қаламыздың тарихи-мәдени мұра ескерткіштері жайлы құнды мағлұматтар алды.

Бұл ғимарат Орест Федор Костюриннің бастамасымен  салынған. Архитектура тарихшыларының бағалауына қарағанда бұл Қазақстан аумағындағы алғашқы кинотеатр ғимараты.

 «Өскемен балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ басшылығы аталмыш іс-шараға үлкен алғыстарын білдіріп, болашақта басқа да қаламыздың көрнекті ескерткіштерін тамашалауға өз ықыластарын білдірді.

 

       

  

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

000116 000125 000120

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page