ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

«Ұранды ердің ұрпағы қайсар»

    Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне, жетпіс екі жыл, Отан қорғаушылар күніне 25 жыл толмақ. Бұл әрбір Қазақстан азаматы үшін үлкен мақтаныш. Осыған орай,  2017 жылдың 3 мамыр күні Тарихи-мәдени мұраларды қорғау  жөніндегі ШҚО мекемесінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласының А. Байтұрсынов атындағы №20 қазақ орта мектебінде «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты танымдық сабақ жүргізілді.

     Мақсаты: Қазақстандағы Қарулы күштер туралы түсінік қалыптастыру, оларды мақтан тұту, Ұлы Отан соғысына қатысқан  Шығыс Қазақстан облысымыздағы батырларымыздың ескерткіштерімен таныстырып, олардың отан сүйгіштік, ержүректілік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.

      Әрбір елдің өзінің жүздеген тарихи оқиғалары бар, соның ішінде соғыстың орны ерекше.

       Екінші дүниежүзілік соғыс Кеңес Одағының, соның ішінде қазақ халқы үшін қанқұйлы соғыс болды. Шайқаста батылдылығын көрсеткен 500-ден астам ата –бабаларымыз Кеңес Одағының батыр атағын алғаны бәрімізге мәлім.

      Сабақ барысында презентация көмегімен Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы ескерткіштер және олардың көрсеткен ерліктеріне тоқталып өтілді.

     Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің есімі біздің жас ұрпақ жадында мәңгілік сақталып ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалады. Ата- бабаларымыздың арқасында біз бейбітшілікте өмір сүріп, жарқын болашаққа сеніммен қараймыз. Іс- шара соңында оқушыларды келе жатқан мейрамдармен құттықталып өтті.

 

        

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

000116 000125 000120

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page