ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Тәуелсіздік күні

 Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Өскемен қаласының №16 орта мектебінде Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі ШҚО мекемесі Тәуелсіздік күніне орай іс-шара ұйымдастырды

Осы 27 жыл ішінде алыс желтоқсанның сол бір ызғарлы оқиғасы қазақстандықтардың есінде мәңгі сақталды. КОКП Орталық Комитетінің шешіміне наразылық білдірген қазақ жастарының  бастан кешкен оқиғалары балаларға қызығушылық туғызғаны анық. Бұл тәуелсіздікке деген еліміздегі алғашқы қадам болатын. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері көптеген өзгерістер орын алды. Біз жеке мемлекет атанып, тіпті шекарамыз белгіленді. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес. Олар Ресей, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан, Түркменстан. Неше түрлі ауыртпашылықтар әкелген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды, Тәуелсіз Қазақстанның гербі, әнұраны, туы, ұлттық валютасы айналымға түсті. Сондай-ақ Тәуелсіздік символы ретінде  көптеген ескерткіштер орнатылды, олардың әрқайсысы Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі жеке тарихи оқиғаны баяндап тұрғандай. Мәселен, Астана қаласында Тәуелсіздік монументі «Мәңгілік Ел» қақпасы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай бой көтерген. Биіктігі 20 метр, Тәуелсіздіктің 20 жылдығының нышаны ретінде жасалған. Еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласында  тәуелсіздігімізге арналған алғашқы ескерткіш – алтын адамның бейнесіндегі мүсін қар барысының үстінде орналасқан. Балалар еліміздің өткен уақыттағы тарихи оқиғаларын біліп, қызығушылықтарын танытты.Тәуелсіз Қазақстан экономикамыздың тұрақтылығы мен өркендеуіне, біздің елімізде тұратын көптеген ұлт өкілдерінің арасында үйлесімділік пен достыққа, таңдаудағы бостандыққа, білімге ұмтылдырады. Аға ұрпақтың үлгісінде балалар патриотизм, елге деген сүйіспеншілік, ақсақалдарға деген құрмет және дәстүрге деген адалдыққа тәрбиеленеді.


ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page