ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Президент Күні

 

     28 қарашада Өскемен қаласының №3 орта мектебінде тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі ШҚО мекемесі алдағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырды.

 

 2012 жылдан бастап елімізде жаңа мереке - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні атаулы дата болып тойлануда. 1991 жылғы 1 желтоқсанда жалпы халықтық Президент сайлауы өткізіліп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 98,7 пайызды иеленіп, біздің Республикамыздың тұңғыш президенті атанды.  Көшбасшымызға арналып бой көтерген ескерткіштер, елімізде  Алматы, Астана, Талдықорған т.б. және шетелдерде - Анкарада, 2012 жылы, Иорданияда, Молдовада, Украинада,  Қырғызстанда (Чолпан-ата) т.б елдерде бар. Мұндай жоғары дәреже, Елбасымызға деген  сый-құрмет, өзге елдер Президентіміздің жұмысын жоғары бағалайтыны деп білеміз, біз Қазақстандықтар көшбасшыымызды мақтан тұтамыз.

Кездесу қызықты ету үшін оқушыларға айқын мысалдар келтірілді. Қоғам, ұлт дамуына әсер ететін дәстүрлер мен салттар туралы айтылды. Ежелден қалған сөз бар: Әр бір ұлт өзінің билеушісіне лайық. Біз, қазақстандықтар, өте бақытты халықпыз. Біздің басшымыз білімді дана әрі қамқор көшбасшы. Ауылдың тәрбиесін алған Нұрсұлтан Назарбаев қазақи салт-дәстүрді, ата-бабалардың ежелгі даналығын бойына сіңіріп, жоғары қасиеттерді ұштастырған өте білімді азамат.

Әрбір азамат өз елінің тарихын білуі керек. Балалар оқу ордасында алған білімдері мен осындай іс-шаралар арқасында өткенін, тарихын біліп таниды. Жәнеде әрбір оқушы өткен  тарихтың артында үлкен жұмыстың атқарылғанын білуі тиіс ...

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page