ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Музей әлеміне саяхат

 Қоғамдық сананы жаңғыртып, елімізді жаңаруға бастайтын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, оған әрбір азаматтың қатысуы маңызды деген болатын

 

Елді, жерді сүю, өскен ортаның тау-тасын қастерлеп, Отанды қорғау әсіресе кейінгі ұрпақ жас буынның басты міндеті. Сондықтан да болар, мемлекет басшысы әркез жастарға сеніммен қарап, зор жауапкершілік артады. Осы ретте «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі ағымдағы жылдың 10 қарашасында № 46 орта мектебінің    6    сынып оқушыларына Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мен Шығыс Қазақстан өнер мұражайларына эксурсия өткізді. Музейдегі  археология, этнография, тарих, және табиғат әлеміне экскурсия жасаған жастар, ондағы экспозициялармен танысып, үлкен әсер алды.Әсіресе археология бөліміне жасаған саяхатымызды ерекше атап өтуге болады.  Археология ғылымы өткен тарихымызды бүгінгі ұрпаққа дәріптеп келеді, яғни жер қойнауындағы талай ғасыр бойы жатқан жәдігерлерді, бүгінгі күнге дейін жеткен үнсіз куәгерлер талай сырдың бетін ашып, ақиқатты растайтын мағлұматтар береді. Осы өңірдегі ежелгі аң – құстар, олардың көректенетін жем – шөптері, үңгір мен ұялары, ұрпақтарын ауыздандыруы, т. б мәліметтер оқушылардың көңілдерін көтере түсті. Ежелгі тұрғындардың металлды өңдеу әдістері, тіршілікте, шаруада қолданған құрал – саймандары,  олардың әдет ғұрпы басқа фактілер жас өспірімдердің санасындағы қызушылығын оятып, талай сұраққа жауап тапты. Ал өнер мұражайында  қойылған жәдігерлер біздің арғы бабамыздың қолөнерімен қатар басқа да мүмкіншіліктерінен хабардар етті. Мұражайға саяхат осылайша жастардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін арттырып, туған жер тарихымен қанығуына мүмкіншілік туғызды.

 

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page