ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

«2016-2018 жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының археология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарлама» қорытындысы

Облыс әкімінің бастамасымен «20162018жылдар аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының археология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» жүзеге асырылды.

 

Бұл жобаның негізгі мақсаты - аймақтың тарихи археологиялық ескерткіштерін зерттеу, Қазақстанның тарихын қалпына келтіру, сондай-ақ көрнекі материал ретінде тарихи туризмді сақтау, қайта құру және пайдалану. Облыстың археологиялық ескерткіштерін зерттеу еліміздің көрнекті археологтары З. Самашев, Қ.Байпақов, А. Төлеубаевтың басшылығымен өткізілді. Зерттеуге қазақстандық және шетелдік Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Италия, Франция, Польша, Австралия, Ауғанстан, Ресей Федерациясы, Түркия, АҚШ және Жапония сияқты жетекші археологтар қатысты. Берел және Шілікті қорғандары бойынша олық көлемді ақпарат үшін тек қазақстандық ғылыми орталықтарда ғана емес, сонымен қатар шетелдік зертханаларда - Токио университетінің (Жапония), Стокгольм университетінің (Швеция) және Ресей Сібір бөлімшесінің археология және этнография институтының Ғылым академияларында (Новосибирск) зерттеледі.Археологтармен қатар С.Аманжолов атындағы ШҚМТУ, Ш.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері, сондай-ақ Семей қаласындағы геодезия және картография колледжі, «Жас Ұлан» лицейінің студенттері қатысты. Шығыс Қазақстан археологиясын дамытуға арналған бағдарламалар Шығыс Қазақстандағы ежелгі және орта ғасырлық тарих пен мәдениет мәселелерін түсінуге, туристік кластерді дамытуға, сондай-ақ Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің жалғасуына және жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік берді.

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page