ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

"Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2018 жылдың 7 қыркүйегінде Өскемен қаласы, Орталық мәдениет үйінде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өтті.

 

Конференцияның басты мақсаты: халықаралық ғылыми қауымдастықты Шығыс Қазақстан облысының археологиялық әлеуетімен таныстыру. «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» форумы қатысушыларға археологиядағы жетістіктерді түсінуге мүмкіндік береді. Осы маусымның негізгі жаңалықтарының бірі - жаңа Алтын адамның табылуы. Ол Қазақстан археологиясының командасы Зайнолла Самашевпен ашылды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Шығыс Қазақстан облысының ерекше ескерткіштерінде, атап айтқанда Берел, Шілікті, Аблайкит, Көкентау, Елеке сазы, жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесін жариялауды ғана емес, сондай-ақ жарқын және танымал бренд құруға бағытталған. Конференцияға ҚР министірлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасының танымал археологтары мен түркітанушылары қатысты. Конференцияда көпшілікке Шығыс Қазақстан облысында археология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту бағдарламасы аясындағы 2018 жылы жүргізілген  жұмыстар нәтижелері жарияланды.Пленарлық отырыста жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы З.Самашев, А.Толеубаев сынды қазақстанның атақты археологтарымен қатар, Н.Боковенко, Ямпольская.Н, Эмре Севинч, П.Н. Флегонтов, А.А. Гончаров, Марк-Оливер Перу шет ел археологтары өз баяндамаларын жасады. Орталық мәдениет үйі фойесінде конференция қатысушылары түркі өлкесі мен археологиясына арналған көрмемен танысып, сонымен қатар құнды жәдігерлер, «Алтын адам» тамашалай алды.Конференция  қортындысы бойынша археология, түркология, алтайтану және өлке тарихы бойынша жинақ жарық көрді.Конференция қонақтарына облысымыздың атақты ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық зерттеулеріне арналған «Көне дәуір мұралары» атты документалдық фильмы ұсынылды.

 

   

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page