ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Астана күні мерекесі

Ағымдағы жылдың 4 маусымында Астана күніне орай,  Ақбауыр археологиялық ескерткішіне экскурсиялық саяхат жоспарланды. Іс -шараның  мақсаты – тарихи – мадени мұраны насихаттау, тарихымызға қызығушылықты оятып, туған өлкенің ерекшелігімен таныстыру. Тарихи мәдени мұраны қорғау жөніндегі ШҚО мекемесі КММ-нің қызметкерлері  дала саяхатына  «Ульба» орталығының қызметкерлерін алып барды . 

 

 

ШҚО Ұлан ауданындағы танымал Ақбауыр комплексі, жетпіс жылға жуық уақыт  ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Бұл жерде көптеген табиғи және тарихи нысандар орналасқан. Өлкемен танысу  далалық саяхат ретінде жүргізілді. Сондықтан болар барлық жәдігерлерді көзімізбен көріп, біліп тануға мүмкіндік алдық. Қатысушылар туған өлкеміздің байлығымен, өткен тарихымен етене танысты.

20-шы ғасырдың 80-ші жылдарынан бері Ақбауыр сөзі астрономиалық комплекс ұғымын білдіріп келеді. Бұл маңайда ерекше үш нүкте бар. Олардың көмегімен ерте заманда  Күнді және басқа да жұлдыздарды бақылап отырған және күн мен түннің теңелген уақытын білген. Яғни күнтізбе ретінде пайдаланған.Адамзат бұл өңірді БДД бесінші – үшінші ғасырларда игере бастаған екен. Мұнда ерекше тас үңгірлерде ерекше суреттер, аңдардың бейнелері, охра бояуларымен ойылып салынған. Бұл жер біздің ата-бабаларымыздан қалған мекен екені айдан анық. Болжам бойынша біздің арғы бабаларымыз тарихи кезеңдердің өзгеруіне байланысты мал шаруашылығымен қатар темір өңдеуді де алып жүргені байқалады.

 

Ақбауыр сөзі –  өз алдына мекен немесе шағын аудан деген ұғым болып есептеледі.. Ал тағыда бір қызығушылық тудыратыны – ол осы жердегі молалар. Олардың ең көп зерттелгені – Қызылтас моласы.

 

Ауа райы, климаттық ерекшеліктер, және адами факторлар оның бүгінгі жағдайына әсерін тигізіп отырады. Сондықтан біздің өңіріміздің ерекше мекені ретінде Ақбауыр мамандырылған күзет бақылауының қарауында.Тарихи маңызы қымбат нысандар ғалымдарға жаңалық ашуға себеп болса, бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін қосады.  

 

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page