ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Балаларды қорғау күні

1 маусым- Балаларды қорғау күні. Бұл мереке біздің бөбектеріміз үшін ең қуанышты күндердің бірі. Тарихи-мәдени мұраны қорғау  мекемесі қызметкерлері «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл жолы балалар  ескерткіш болып саналатын «Эхо» кинотеатрына саяхат жасап, оның тарихимен танысты. Саяхат соңында балаларға мультипликациялық фильм көрсетілді.

Іс-шараны өткізудегі мақсат, балаларға Өскемен қаласының тарихи орындарын таныстыру. Архитектуралық ескерткіш болып саналатын ғимараттардың құрылысын, шығу тарихын, өткенді насихаттау. Солардың бірі кинотеатр «Эхо». Қаламыздың бастамасын құрған тарихи көшелердің бірінде орналасқан бұл ғимарат, тарихи ескерткіш болып саналады. Өткен ғасырда бой көтерген ғимарат талай сырды сақтап келеді. Ескерткіштің шығу тарихын балалар аса қызуғышылықпен тыңдады. 1911 жылы бой көтерген кинотеатр қабырғаларында көптеген деректі фиьмдер, көркем фильмдер көрсетілген. Ол кездегі керемет туындылармен, жас ұрпақ Отанға деген сүйіспеншілікті бойына сіңіріп өсті. Мерекелік күнді, балалар көтеріңкі көңіл күймен осылайша өткізді.

 

Өсіп келе жатқан ұрпаққа патриоттық сезімді ояту, Отанына деген махаббатты бойына сіңдіру, бала тәрбиесіндегі біздің басты мақсат осы. 

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page