ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

Сәуірдің 18-і Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні деп жарияланды. Бұл мейрам алғаш  1984 жылы атап өтілді.Бір жыл бұрын 1983 жылы мұндай шешімді ЮНЕСКА жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар жөніндегі Кеңес Ассамблеясы қабылдады.

Биыл Шығыс Қазақстан облысының тарихи мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекемесі  16-18 сәуір аралығында өз кәсіби мерекелерін атап өтті.Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған және Өскемен қаласының балалар және жасөспірімдер кітапхана ұжымы сондай-ақ оқытушылар құрамымен  бірге үш мектептің оқушылары, яғни  Қ. Нұрғалиев атындағы № 43, Ш.Құдайбердіұлы атындағы №1 орта мектебі және А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебіне біздің мекеме өскелең жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, отбасына, елге деген махаббатын көрсету және де біздің облыстың тарихи құндылықтарын, ескерткіштерін сақтап қалу мақсатында іс-шара өткізілді.

Зияткерлік сайыс форматы бойынша О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханада №1 мектеп оқушылары үшін  «Ескерткіш сыр шертеді»,Орталық балалар кітапханасында №43 мектеп оқушылары үшін «Ескерткіш тарих куәсі», Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында №20 мектеп оқушылары үшін «Ғасырлар толғауында» атты іс-шара өткізілді..Іс-шара барысы Шығыс Қазақстан облысының архитектуралық археологиялық(Берел,Шілікті,Аблайкит, Елеке сазы, Қырықүңгір) ескерткіштері жайлы мәліметтермен және деректі фильммен қамтылды.Бірнеше сайыстар өткізіліп, сұрақтар қойылды және жеіңмпаздарды анықтап, мақтау қағазымен марапатталды.

Бір айта кетерлігі осындай әрбір іс-шаралар оқушыларға өз туған жерінің тарихын көзбен көріп, қолмен ұстағандай әсер қалдырады, сондықтан мұндай танымдық шаралар бүгінгі жас ұрпаққа әрқашан керек.

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page