ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Өскемен қаласының тарихи ескерткіштері

 

 

Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекемесімен 1 мен 9 ақпан аралығында № 1 және №43 мектептің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Өскемен қаласының тарихи ескерткіштері» тақырыбында тарихи - танымдық ісшара өткізілді. 

 

Ісшараны өткізудің негізгі мақсаты: Өскемен қаласының іргетасы қаланған кезеңнен бастап, өткені мен бүгінінен мектеп оқушыларына кеңінен мағұлмат беру. Ескі жәдігерлер тарихтың бір бөлшегі. Балалар қаламыздың ірге тасы қаланғанынан бері, бүгінге дейін сақталып келе жатқан тарих және мәдениет ескерткіштері жайында мағұлмат алды. 1720 жылы ірге тасы қаланған Өскемен бекінісі, басқа да көне ғимараттар туралы қызықты мәліметтер айтылды. Сондай-ақ архитектуралық нысандар: көпес Ахтам Рафиковтың үйі, көпес Семеновтың дүкені,бүгінгі таңда Сәуле дүкені, алғашқы көшелерінің бірі «Большая» бүгінде Кирова көшесі, онымен қатар оқушыларға көрнекті тұлғалар: Е.П.Михаэлис, С.М.Киров, Я.В.Ушановтардың Өскемен қаласының өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі туралы еңбектері жайлы баяндалды.

Іс-шара соңында балалар арасында өзара диолог құрылып, қаланың өткені жайында, балалар біраз сұрақтарға жауап алды. Мұндай тағылымды шаралардан түйгеніміз елін сүйген ұландар үшін өз елінің тарихын жетік білу парыз. Осы мақсатта өткізілген ашық сабақтардың жасөпірімдер үшін берері мол.

 

 

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page