ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Тарихи ескерткіштер – халқымыздың игілігі

 

 

18.12.2017 ж. мен 14.01.2018 ж. аралығында «Тарихи- мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ мамандарының бастамасымен, Өскемен қаласының архитектуралық ескерткіштері болып саналатын ғимараттарды таныстыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Аталмыш іс-шараның мақсаты Өскемен қаласының тарихи-мәдени мұрасын ескеркіш-ғимараттарда жұмыс істейтін қызметкерлердің арасныда насихаттауға бағытталды. 

 

 

Іс-шара Өскемен қаласының орталығында бой көтеріп тұрған тарихи архитектуралық ескерткіштерінде, бұрынғы көпес уйлері, оқу орындар, дүкендер сияқты ғимараттарды таныстыруға бағытталды. Бұл ескерткіштер XX ғасырдың басында бой көтерген. Қазіргі таңда осы ғимараттарда сұлулық салоны, тігін ательесі және басқада мекемелер орналасқан.

 

Бұл ескерткіш-ғимараттардың тарихымен таныстыру осы ғимаратта жұмыс істейтін мекемелердің қызметкерлерімен қатар, қала тұрғындарына да бағытталды. Қала тұрғындары Өскемен қаласының алғашқы құрылған кезі жайында, оның ішінде Костюриннің  механикалық шеберханасы (1907ж.),  «Иллюзион» кинотеатры (1911 г.), Көпес Савва Семенов және оның ұлдарының үйі (1911ж.), Кожевниковтың ыдыс- аяқ дүкені (1914ж.), Мариин әйелдер училищесі (1901ж.), Халық Үйі (1912ж.) жайында білді. Өскемен қаласының тарихи ғимараттары туралы ақпараттар іс-шараға қатысқандарға таратылды.

 

 

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page