ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

«Қоныр әулие» үңгірі

 

2017 жылы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі тағы бір нысанмен толықты. «Қоңыр әулие» үңгіріне тарих және мәдениет ескерткішінің дәрежесін беру туралы шешім Шығыс Қазақстан облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысында қабылданды. Шығыс Қазақстан облыс әкімшілігінің қаулысы негізінде 2017 жылдың 31 шілдеде «Қоңыр әулие» үңгірі, біздің дәуірімізге дейін VII-VIII ғасыр” нысанына жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескеркіші дәрежесі берілді.

 

«Қоңыр әулие» үңгірі Абай ауданы, Шаған өзенінің оң жағасында, Тоқтамыс батыр ауылының оңтүстік-шығысынан 18 шақырымдай жерде орналасқан.

Ескерткіш ерте түрік дәуірімен кезеңделеді, б.з.б. VII-VIII ғғ.. Бұл карстты үңгір, кальцитпен қатпарланған ерекше өзені бар үңгір.

Үңгірдің кіреберісі Шаған өзеннінен 80-100 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 65-70 м, ені 10-22 м, биіктігі 2-14 м. Үңгір негізінің оң жағындағы ұзындығы 110 см, ені 50 см  жіңішке өткел ұзындығы  12 м, ені 10 м, биікітгі 5 м болатын кең бөлмеге өтеді, ол басты кіреберістен солтүстікке қарай 12 м биіктігі 20 м, диаметрі 5-7 м, өзеннің жиегімен аяқталады. Негізгі бөлмеден басқа, өзен жаққа қарай тағы бір бөлме бар, оның биіктігі 12-15 м. Үңгір ішіндегі температура 10˚С аспайды.

Жоңғарлармен соғыс туралы аңыздарға толы болғандықтан, Қоңыр Әулие үңгірі халықтың рухани ғибадатханасы ретінде құрмет тұтып, қажылықтың орнына айналды.

Ағымдағы жылда нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үңгірдің кіре беріс аузы мен ішкі көлге дейінгі жолдары ауыр тастардан аршылып, адамдардың жүруі үшін тақтайдан аспалы көпір тартылды.

 

Үңгірдің сырты мен ішіне келуші адамдар демалатын ағаштан панажайлар тұрғызылса, үңгірдің қараңғы кең дәлізіне шамдар орнатылды.Үңгірдің ыс басқан төбе қабырғалары арнайы құралдармен тазартылып, көл табанынан үшкір, ауыр тастар алынды. 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page