ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мәселелері бойынша семинар - 2017

 

2017 жылдың 10 қарашада Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесінің ұйымдастыруымен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, есепке алу, пайдалану саласындағы маңызды мәселелерді талқылау мақсатында, аудандық мәдениет мәне тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарына арналған семинар өтті. Іс-шара барысында мынадай маңызды мәселелер талқыланды: ескерткішті теңгерімге алу, ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, ескерткіштерді заңсыз орнату, археологиялық ескерткіштерді бақылауға алу, тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін жаңарту және т.б. 

Тарих және мәдениет нысандарын қорғау, есепке алу, пайдалану, насихаттау және мемлекеттік қорғау саласындағы жергілікті мәселелерді тиімді шешу мақсатында, семинар қатысушыларына мекемемен құрастырылып шығарылған методикалық құралдар таратылды: «Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі заңнамалық актілер (өзгертулер мен толықтырулар)».

 

Диалог формасында өткен семинар, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет нысандарын қорғау, есепке алу, пайдалану, саласындағы маңызды мәселелерді тиімді шешу үшін, аталмыш іс-шараның өзектілігін көрсетті.

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page