ZT Maju - шаблон joomla Продвижение

«Қасиетті орын - Ақ Бауыр»

17қазанда мұражай-қорық«Ақ Бауыр» археологиялық кешенде қайырымдылық акциясы аясында «Қасиетті орын - Ақ Бауыр» іс-шарасы  өткізілді. «АЗИНА» мүгедек әйелдердің қалалық қоғамының мүшелері және «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестік филиалының мүшелері қатысқан қызықты экскурсияны «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ  ұйымдастырды.

 

Іс-шараның мақсаты - туған жердің көрнекті жерлерімен танысу, оның тарихына қызығушылықты ояту, қазақстандық патриотизмді және табиғаты аялауға тәрбиелеу.

Бұл мәдени ландшафт ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра туралы конвенциясында анықталғандай, адам мен табиғаттың қолын біріктіреді, онда бәрі бір-бірімен байланысты, сондықтан мәдени мұраның ғажайып бір түрі болып табылады. Атақты Шығыс Қазақстанның археологиялық олжасы орналасқан аумақ олардың қайсысына жататынын, шараға қатысушыларға Өскемен қаласының көркемсурет мұражайының экскурсия өткізушілері айтып берді.

- Өскемен қаласынан 35 шақырым қашықтықта, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Сағыр ауылынан ары орналасқан қасиетті «Ақ Бауыр» жері мәдениет ландшафтарының табиғи түрде дамыған түріне жатады, - деп түсіндірді Лариса Ивановна.

Ландшафтпен танысу экскурсия түрінде өткізілді, сондықтан әрбір айтылған пікірлер мен аргументтер пайдалы және барлық жағынан қол жетімді болды. Іс-шараға қатысушылар сондай-ақ ежелгі қасиетті жердің қаншалықты бай екенін білді. Өзендер мен таза бұлақтардан, әртүрлі флора мен фаунадан басқа мұнда көптеген пайдалы қазбалар бар. Сондықтан, әртүрлі тарихи кезеңдерде Ақ Бауырда мал шаруашылығымен ғана емес, сонымен қатар металлургия да жақсы дамыған.

Адамзат баласы бұл жерді б.з.д. V-III мыңжылдықта игере бастады, оны таулы тастарда охра түсті минералды бояумен салынған суреттер растайды. Экскурсияға қатысушылар Ақ Бауырдың бойында ата-бабаларының жерімен жүріп өтті.

Ақ Бауырдың құрылу тарихы мен оның мұражай-қорығына кіруі адамдарды одан әрі қызықтырды. Бұның барлығы қараусыз қалған ескерткішті одан әрі жойылуынан сақтап қалды.Бұл мұражай қорының бастамасымен және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен жасалуда.

Экскурсиялық топ Қазақстан Республикасының танымал сәулетшілері ұсынған «Көктегі қайық» және «Күн шеңбері» сияқты мұражай ғимараттарының ерекше аттары мен түпнұсқалары жайлы, Ақ Бауыр археологиялық кешенінің даму жоспары туралы білді.

 

Іс-шараның қонақтарының көпшілігі үшін «дыбыс көрінісі» сияқты ұғым жаңалық болды. Осы терминге жасырылған нәрселерді түсіну үшін Ақ Бауырдың тағы бір тартуы - үш тік ойықтары бар табиғи резонатор - тас монолит, жұмбақтың шешімін көрсетті. 

 

Іс-шараға қатысушылар ескерткішпен танысудан қатты әсер алды. Таза ауа, әдемі табиғат және ғажайып тарихи орындар экскурсияға келген қонақтарға жағымды әсер етті.

 

ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ

photo1 photo2 photo3 photo4 photo5 photo6 photo7 photo8 photo9 photo10 photo11 photo12

Әлеуметтік желілер тізімі

Top of Page